Жезқазғанда жылу желілері жаңартылуда
«Алматыинжстрой» АҚ мердігерлік ұйымы Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда (ЖМ-9). Қазіргі уақытта Сейфуллин көшесінде (ЖТ-17-ден ЖК-6-ға дейін) тротуар плиткаларын демонтаждау, жер жұмыстары және жылумен жабдықтау құбырларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.
Учаскеде жылумен жабдықтау құбырларын диаметрі 530 мм-ден 630 мм-ге дейін (ППҚ-мен) ұлғайта отырып ауыстыру бойынша жұмыстар орындалмақ.
Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 20 тамызы.