Жерді қадірін білетін азаматтарға ғана беру керек – Президент

«Игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауылшаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім», – деді Президент.

Жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек, дейді Президент.

Айтуынша, үш жылдың ішінде 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылса да, жартысы ғана жаңа жер иеленушілерге таратылды.

Әкімдерге келесі жылдың ортасына дейін бұл мәселені шешуді тапсырды.