Жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда

Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресу үшін нақты, жүйелі шаралар қабылданып жатқанына тоқталды. Бүгінде жемқорлардан алынған қаражатқа салынған 61 мектеп пайдалануға берілген. 

«Менің тапсырмаммен сот арқылы жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда. Үш жылдың ішінде 89 мектептің құрылысына 150 миллиард теңгеден астам қаражат берілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.