Желіде Kaspi Bank туралы фейк ақпарат тарады

Банк ресми түрде мәлімдеме жасап ол ақпаратты жоққа шығарды.

Фейк ақпаратта банк өнімдерінің жылдық қызмет көрсетуі бойынша алым 10 мың теңгеге өсуі туралы көрсетілген.

Алайда банк бұл ақпарат шындыққа сәйкеспейтінін және клиенттер үшін ағымдағы қызмет көрсету құны сақталатынын хабарлады.