Жеңіске — 80 жыл: Мәңгілік мақтаныш

Биыл біз адамзат тарихындағы ең ұлы ерліктің, ең қасіретті соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуын атап өтудеміз. Ұлы Жеңіс — батырларымыздың қайсар рухының, халықтың бірлігі мен табандылығының жемісі. Сол сұрапыл жылдары майдан даласында қан кешкен аталарымыз бен тылда еңбек еткен аналарымыздың ерен ерлігі бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі болды.

Ұлы Отан соғысы — ұрпақтар жадында мәңгілік сақталатын үлкен сабақ. Әрбір жеңістің артында орасан зор қайғы, шыдамдылық пен шексіз ерлік жатыр. 80 жыл өтсе де, сол ұлы күннің қадірі кеміген емес, керісінше уақыт өткен сайын оның маңызы тереңдей түсуде.
Бүгінгі ұрпақ үшін ең үлкен парыз — сол ерлікке тағзым ету, бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің қадірін білу. Ұлы Жеңіс күні — азаттықты арман еткен халықтың рухын асқақтатқан, мәңгілікке ұран болған ұлы күн. Батырларымыздың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталып, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

Жансая ЕРІК,
мұғалім.