Жеңіс Қасымбек мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдермен кездесті. Өңір басшысы үздік педагогтарға білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жоғары жетістіктері үшін наградалар табыс етті.

– Сіздер өзіңіз үшін қиын, бірақ жоғары дәрежелі игілікті мамандықты таңдадыңыздар. Сіздердің жеке қасиеттеріңіз бен педагогикалық шеберліктеріңізге, даналықтарыңызға, шыдамдылықтарыңызға, рухани сезімталдықтарыңызға біздің азаматтарымыздың жас буыны қандай біліммен ересек өмірге кіретініне, қандай адамгершілік бағдарларға ұмтылатынына тікелей байланысты, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Мемлекет тарапынан педагогикалық мамандықтың беделін көтеру үшін көп нәрсе жасалуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы 50%-ға артты.

Облыс әкімі мұғалімдерге өңірлік деңгейдегі көмек туралы айтып берді. Жас педагогтарға қызметтік тұрғын үй беріле бастады. Пәтерлермен аудандарға «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келген жас мамандар қамтамасыз етілуде. Сегіз мыңнан астам ауыл педагогы әлеуметтік қолдауға ие болды.

Жеңіс Қасымбек «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы» төсбелгісін табыс етті. Өткен жылы мұғалімдер еңбегінің беделін арттыру үшін облыстық ерекшелік белгісі құрылған болатын. Оған миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы қоса беріледі.

Осы жылы Үздік белгіге бес педагог ие болды: Шет ауданы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Әлібаева; Абай ауданының білім бөлімінің №14 мектеп-лицейінің директоры Натаван Абушова; облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ләззат Темірханова; Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Владимир Закамолкин, химия пәнінің мұғалімі; Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Назира Құсайынова.

Олардың әрқайсысының көп жылдық тәжірибесі және ерекше еңбегі бар.

Мысалы, қашықтықтан оқытуға көшу кезінде облыстың көптеген мұғалімдеріне Гүлжан Әлібаеваның әдістемесі көмектесті.

– Әрине, бастапқыда балаларға қашықтықтан білім беруден қорықтық. Қорқынышты жеңіп, жаңаша жұмыс істеуді үйрендік, – дейді бастауыш сынып мұғалімі. – Мен авторлық курс дайындадым, әріптестеріме қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндері бойынша тренингтер мен семинарлар өткіздім. Қашықтан оқыту үшін көптеген заманауи ресурстар бар және біз оларды қолдандық.

Кездесуде «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 14 жеңімпазы марапатталды.

Мұғалімдерге құрмет көрсету облыс бойынша өтуде. Мұғалімдер күніне орай ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталады.