«Жастарға қолдау: Жас маман. Табысқа апарар жол»: Ұлытауда өткен жас педагогтердің алғашқы форумы

Жастар – еліміздің жарқын болашағы. Ал сол болашаққа бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие жолында қызмет ететін – жас педагогтер.
Ұлытау ауданының білім бөлімі мен Ұлытау облыстық Кәсіподақ ұйымының қолдауымен, Оқушылар үйінің бастамасымен ұйымдастырылған “Жас маман. Табысқа апарар жол” атты І жастар форумы жас ұстаздардың кәсіби дамуына арналған тиімді әрі шабыттандыратын алаңға айналды.

Форумның негізгі мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби бағыт беру. Осы міндеттердің барлығы өз нәтижесін беріп, қатысушыларға жаңа серпіліс сыйлады.
Іс-шара барысында:
тәжірибелі спикерлер өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті;
ZamanAreWe ойыны арқылы қатысушылардың ой-өрісі кеңейіп, жаңа идеялар қалыптасты;
жас педагогтер арасында жаңа таныстықтар орнап, кәсіби байланыстар нығайды.
Форумға қатысқан жас мамандардың белсенділігі мен ынтасы олардың болашаққа деген нық сенімі мен талпынысын айқын көрсетті.