«Жас маман – ауыл болашағы» форумы өтті
Ұлытау аудандық мәдениет үйінде жас мамандардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Жас маман – ауыл болашағы» атты форум өтті. Шараға әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандар, спикерлер мен қонақтар қатысты.

⠀
Форумды құттықтау сөзімен аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов және аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, аудандағы жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті.
⠀
Форум барысында пленарлық отырыс ұйымдастырылып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар үш бағыт бойынша секциялық жұмыстар өткізіліп, қатысушылар қаржылық сауаттылық, мотивация және қоғамдық белсенділік тақырыптарында пайдалы мәліметтер алды.
⠀
Шара аясында асық ату, садақ ату, ши тоқу секілді ұлттық бағыттағы шеберлік сабақтары өтіп, белсенді жастарға арнайы сертификаттар табысталды. Форум концерттік бағдарламамен аяқталды.
⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
