Жалпыға бірдей декларация: туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма?
Мобильді аударымдарға шектеу қойылғанда туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма? Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері жауап берді.
«Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ», — делінген хабарламада.