«Жалақысы – 500-700 мың теңге»: Қарабаев мамандарды жұмысқа шақырды
Көлік министрі қазіргі кезде жол жөндеу саласында маман тапшы екенін айтты.
Атап айтқанда, автогрейдер немесе асфальт төсеуші техниканы жүргізетін операторлар қажет.
«Ондай операторлар болса, кез келген уақытта жұмысқа алуға дайынбыз. Қай елде тиісті маман бар, сол елдерден тартылады. Мысалы, операторлар Қытай елінен, Армениядан немесе Түркиядан тартылуы мүмкін», — деді Қарабаев.
Алайда ондай маман өз елімізден табылса, жұмысқа емін-еркін тұра алады.