Жаңаарқалық отбасы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауында жүлдегер атанды
Республика күні қарсаңында елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсы өз мәресіне жетті.
Аталған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен үлгілі отбасылар қатысып, бірлік пен татулықтың, еңбексүйгіштік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданынан қатысқан отбасы конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болып, 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
Бұл жетістік – өңір тұрғындары үшін зор мақтаныш әрі отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың айқын көрінісі болып табылады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы қоғамдағы үлгілі және көпбалалы отбасыларды анықтау, олардың үлгісін кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.