Жаңа кәсіп — ел игілігіне

Аудан орталығында тағы бір жеміс-жидек сататын дүкен ашылды. Дүкен иесі – Ақерке САҒЫНАЙ. Жас кәсіпкер дүкенді өз қаражатымен ашып отыр. Жаңа кәсіпкерлік нысанның тұсаукесеріне аудан әкімінің орынбасары Мақсұт ОСПАНОВ қатысып, жас кәсіпкерге сәттілік тіледі. Аудан әкімінің орынбасары еңбек ардагері Гүлнар ЕРШҰМАНОВАМЕН бірге жаңа дүкеннің лентасын қиды. Ақерке Хизатқызы келешекте өз кәсібінің ауқымын одан әрі кеңейте түсуді жоспарлап отыр.

Өз тілшімізден.