Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе жегі 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны айтылған жоқ Бұл туралы   Vesti.kz басылы жазды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Әлімханұлының кейінгі жекпе-жегі маусымда Лас-Вегаста өтті, ол АҚШ-тың бұрынғы чемпионы Роб Брантты жеңді.