ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ – ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНЫҢ ТІРЕГІ

Бүгін біз қоғам дамуының негізі болып табылатын ең қажетті, әрі абыройлы мамандықтардың бірі – жұмысшы мамандығы туралы сөз қозғаймыз. «Еңбек – елдің егесі» деп бекер айтылмаған. Өйткені елдің экономикасы мен өндірісі тікелей еңбек адамдарының – қарапайым жұмысшылардың маңдай теріне, табанды еңбегіне тәуелді.

Жұмысшы – бұл тек бір мамандық емес, бұл – тұтас қоғамды алға жылжытатын күш. Дәнекерлеуші, токарь, механик, құрылысшы, электрик, сантехник, аспаз, жүргізуші – бәрі де біздің күнделікті өмірімізде ерекше рөл атқаратын кәсіп иелері. Оларсыз ешбір мекеме, зауыт, құрылыс алаңы, тіпті тұрмыстық өмір де дами алмайды.

Бүгінгі таңда елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ісіне үлкен көңіл бөлінуде. Мемлекет «Жас маман», «100/200» жобалары арқылы колледждер мен өндіріс орындарын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіп, жас жұмысшыларды сапалы оқытуға жағдай жасап отыр. Өйткені еңбек нарығына білікті мамандар қажет.

Жұмысшы болу – қарапайым емес, ол – жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін мамандық. Бүгінгі таңда заманауи өндіріс орындары жоғары технологиямен жабдықталған. Демек, жұмысшы да білімді, кәсіби сауатты, үнемі даму үстіндегі маман болуы тиіс.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
белсенді жас.