Жұмысшы мамандықтар жылы – бірегей мүмкіндіктер жылы

Биылғы жылдың еліміз үшін ерекше мәні бар. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек атаулы жыл емес, бұл – нақты іске бағытталған үлкен бастама. Себебі бүгінгі күні ел экономикасының негізгі тірегі – адал еңбек етіп, тер төгіп жүрген қарапайым жұмысшылар.

Бүгінгі заман жұмысшы мамандықтарына жаңа көзқарасты талап етеді. Токарь, дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик секілді мамандықтар – бұл жай ғана кәсіп емес, елдің болашағын қалыптастыратын алтын қолды адамдардың ісі. Жаңа технологиялар мен өндіріс салалары дамыған сайын, білікті жұмысшыларға сұраныс артып келеді.

Бұл жыл – жастар үшін де зор мүмкіндік. Кәсіптік-техникалық білім алып, өз ісінің шебері болуға, шетелде тәжірибеден өтіп, болашағын нақты еңбекпен байланыстыруға жол ашылды. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, тегін оқыту бағдарламалары мен жұмысқа орналастыру тетіктері – мұның айғағы.

Қоғамда жұмысшы мамандығына деген құрметті қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Себебі нағыз еңбек – елдің іргесін нығайтатын күш. Сондықтан бұл жыл тек жұмысшылардың емес, ел болашағына адал қызмет еткісі келетін әрбір азаматтың мүмкіндіктер жылы болмақ.