Заңдағы өзгерістер түсіндірілді

ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңына өзгерістер енгізілуіне орай аудан əкімдігінде түсіндіру жұмыстарына байланысты арнайы жиын өтті. Оған аудан əкімі, аудан əкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Жиынды аудан əкімі Аманжол Мырзабеков ашып, сөз кезегін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Əдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берік Ахметовке берді. Департамент басшысы жиын қатысушыларына мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, оның ішінде азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, кадрлық процестерді ақпараттық жүйе арқылы рəсімдеу, мемлекеттік аппараттың кадрлық тұрақтылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жиналыста мемлекеттік қызметті өткерудегі жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы көрсеткіштері, мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау, мемлекеттік қызметшілермен Əдеп нормаларының сақталуы баяндалды. Сондай-ақ, проблемалық мəселелер мен кемшіліктер талқыланды.

Келесі кезекте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Ербол Байғазиев ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау жөнінде ақпаратын берді.

Жиынға қатысушы мемлекеттік қызметшілер де сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет саласындағы жұмысты жандандыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Əдеп Кодексінің талаптарын сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Дəл осындай форматтағы жиын ауданымызға қарасты Жезді, Қарсақбай, Қаракеңгір, Алғабас, Егінді ауылдарында да өткізілді.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.