Қызылорда облысында оныншы «Келешек мектебі» ашылды – Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірге жұмыс сапарымен барды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, өңірдегі оныншы «Келешек мектебінің» ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға сондай-ақ облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары, білім беру саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.