Ұлытау ауданында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Ұлытау ауданында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Бүгін ауданда «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, шұғыл әрекет ету жасақтарының қыс мезгіліндегі дайындығы тексерілді.
Оқу жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Аян Әбжамалов қатысып, әрбір жеке құрамның дайындығын мұқият қарап шықты. Әрбір жеке құрамның төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет ету міндеттері нақтыланып, мекемелердің қысқы дайындықтары бойынша жұмыстары пысықталды.
Оқу-жаттығу жиынына жедел әрекет ету жасақтарының 14 құрамы, 17 техника және 41 адам қатысты.