XXIV сессия 4 мәселе қарады
Сейсенбі күні Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВТІҢ төрағалығымен аудандық мəслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, талқыдан өткен өңірдің одан əрі дамуы үшін маңызды мəселелер аудандық мəслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының күн тəртібіне шығарылды.
Депутаттардың басты жиынына аудан əкімі Аманжол Мырзабеков, аудан əкімінің орынбасары Алмат Сакипов, аудандық деңгейдегі мекемебөлім басшылары жəне БАҚ өкілдері қатысты. Кенттер мен ауылдық округтер əкімдері ZOOM платформасы арқылы байланыста болды.
Сессияда алғашқы болып аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин мандат иелері алдында аудандық мəслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы ХІІ сессиясының күн тəртібіне ұсынылған «Ұлытау ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің №81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» хабарлама жасады. Аталған мəселе бойынша Тасболат Зайырұлы аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіре келіп, осы мəселе төңірегінде депутаттар тарапынан туындаған сауалдарға да орнықты жауаптар қайтарды. Бұдан кейін елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу, аймақтардың шекаралары мен учаскелері үшін төлемақының базалық стафкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы, сондай-ақ, Ұлытау аудандық мəслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы №109 «Ұлытау ауданының əлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында мəселелер талқыға түсті. Бұл мəселелерге қатысты аудандық жер қатынастары, сəулет жəне қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Оспанов пен аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жаңагүл Бекмағанбетова хабарлама жасап, мандат иелерінің сұрақтарына толыққанды жауап берді. Сессияда сол сияқты, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жəне кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру жөніндегі комиссиясын құру туралы №22 шешіміне өзгеріс енгізу жайы талқыға түсті. Бұл жөнінде аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары жəне тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Батырлан Сəбден хабарлама жасады. Халық қалаулылары бұл мəселені де құптап, келісімін берді.
Сессияда күн тəртібіндегі барлық мəселе депутаттар тарапынан мақұлданып, тиісті шешімдер қабылданды. Жиын соңында аудан əкімі Аманжол Мырзабеков өзекті сауалдарды тыңғылықты талқылап, ортақ мүдделі шешімдер қабылдауға белсенділік танытқаны үшін депутаттар корпусына ризашылығын білдірді.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.