Виктория Ставицкая «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Виктория Александровна Ставицкая, 50 жаста. Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінде туған.
2001 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әр жылдары Сәтбаев қаласында қаржы, экономика саласында мемлекеттік қызметте еңбек етті. 2010 жылдан бері Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы ретінде қызмет атқарды.
Отбасылы жағдайы: 2 баласы бар.