«ULYTAU ZHASTARY» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Құжаттар 2025 жылдың 28 және 31 қаңтар аралығында сағат 14.30 -18.00 дейін қабылданады.
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады.
Айта кетейік, «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.
Ол үшін Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлді.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлер санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді. Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілеттілігін «Отбасы банк» АҚ айқындайды.