Тіл – ең асыл құндылық

Қазақ тілі — қазақ халқының басты рухани байлығы. Əр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Тілден құдіретті, бағалы қасиет жоқ деп ойлаймын. Жарық дүниеге келген сəби бұл əлемді қай тілмен таныса сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады. Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нəр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды. Сəбидің алғашқы ана-əке, ата-əже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы.

Тіл отбасылық қарым-қатынас қана емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы.
Ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы. Əлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу. Сауатты ұрпақ тəрбиелеу дегеніміз, өз ана тілімізде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Тіл – əрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол – ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бəрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші — бүгінгі ұрпақ.
Тіл – халықтың жаны, мəдениетіміздің айнасы. Елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау – баршаның міндеті.

Дегдар АЛМАТҰЛЫ,
№1 тірек мектебінің 2 «ə» сынып оқушысы.