«Тентек» шахтасында жаңа оқпанның құрылысы аяқталуда
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Тентек» шахтасында жаңа клеттік оқпан енгізіледі. Нысанның құрылысы аяқталуға жақын.
Жобаны іске асыру 2017 жылы басталды. Жаңа оқпанды қазуға күрделі геологиялық жағдайларда жұмыс тәжірибесі бар компания «Шахтспецстрой» трестімен келісім-шарт жасалды. Бастапқы кезеңде сазды топырақты тезірек және тиімді қазу үшін топырақты 80 метр тереңдікке дейін мұздату технологиясы қолданылды.
«Тентек» шахтасының жаңа клеттік оқпанының жалпы тереңдігі 830 метрді құрайды.
Қазір 820 метр тереңдікте құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оларды бір ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Шахта директоры Төлеген Шаяхметовның айтуынша, нысанның іске қосылуы жаңа жиектерге жол ашады.
– Мұнда біз шамамен 30 миллион тонна кокстелетін көмір қорын ашамыз. Біз жылына орта есеппен миллион тоннадан өндіреміз. Бұл шахтаның ұзақ жылдарға дамуы және тұрақты жұмыс орындары, – деп атап өтті ол.