Тазалық табалдырықтан басталады

 

Аудан әкімі Советбек Медебаевтың өкімімен аудан орталығында екі айлық облыстық сенбілік өтті. Сенбілікке аудан басшысы өзі бастап шықты. Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат хатшысы Аманжол Мырзабеков, мекеме, бөлім басшылары, қызметкерлері қатысты.

Тазалықты жанына серік еткен ұлытаулықтар санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шарасына белсене араласты. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, Ұлытау-Жезқазған, Ұлытау-Қаракеңгір бағытындағы жол бойына, стелла маңына, қоқыс төгетін полигон айналасы толық қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Сенбілік аясында тазалық жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылып, тұрмыстық қатты қалдықтар белгіленген орынға шығарылды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.