ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА АУДАН
Жан-жағыңды таза ұстасаң, жан-дүниең де жаңарады. Иә, тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан ел көлемінде өтіп жатқан Республикалық сенбіліктің маңызы зор. Жаңаарқа ауданы, Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің ұстаздары да сенбілікке шықты.
Мектептің директоры Салтанат Байшокенова бастаған ұжым жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеді.
Мектеп ауласымен бірге, үйлердің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқысты арнайы қаптарға салып, айналаны тап-тұйнақтай етті.
– Шашылып жатқан қоқыстан түрлі иіс шығып, вирустар ауаға тарап, адамдарға ауру жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, айналаң тап-таза болып тұрса, көңіл-күйің де көтеріңкі. Жұмысқа да құлшына кірісесің. Сондықтан, сенбілікке бей-жай қарауға болмайды, – дейді мектеп директоры Салтанат Аманжанқызы.
Фариза БИГАРАШЕВА,
Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы) биология пәнінің мұғалімі.
Жаңаарқа ауданы.