«Таза Қазақстан» – таза болашақ
«Таза Қазақстан» – бұл тек табиғатты қорғау емес, ол – әр адамның сана-сезімінен басталатын мәдениет. Үйімізді, ауламызды, ауыл мен қаламызды таза ұстау – өзімізге деген құрмет. Егер бүгін қоқыс тастамай, бір ағаш егіп, айналаны таза сақтасақ, ертеңгі ұрпаққа жарқын болашақ қалдырамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» – бәріміздің ортақ ісіміз.
Көркемай ЖЕНСИКБАЕВА,
Ұлытау ауданының Оқушылар үйінің оқу ісі жөніндегі орынбасары.