«Таза Қазақстан»: ұлытаулықтар эко акциядан қалыс қалмады
Бекітілген жоспарға сәйкес аудан көлемінде облыстық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, су арналарын тазарту, жол жиектерін әктеу, қоқыс шығару жұмыстары қарқынды жүргізілді.
⠀
Ауданымыздың тазалығы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында осындай сенбіліктердің маңызы зор.
⠀
Сенбілікке аудан бойынша 134 ұжым, 801 адам, 14 арнайы техника қатысты. Жиналған аймақ көлемі 106,6 га құрап, 30,5 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.