ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 600 ГЕКТАРДАН АСТАМ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Экологиялық акция барысында «Киелі мекен» апталығының сенбілігіне облыстағы әкімдіктер, мәслихат, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, жалпы саны 450-ге жуық ұжым үлес қосты.
Тазалық іс-шарасына Ұлытау облысының 11 848 азаматы, 192 арнайы техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде рұқсат етілмеген 65 полигон жойылып, қатты қалдықтарға арналған 10 контейнер орнатылды. Одан бөлек, 1382 ағаштың қураған бұтақтары кесілді.
Айта кетейік, «Киелі мекен» апталығының жалпыоблыстық сенбілігінде Ұлытау облысынан 270 тонна қоқыс шығарылды.