«Тау түбіндегі ауыл» кітабының тұсаукесері өтті

Ұлытау төрінде ақын, жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисі Батырбек Мырзабековтің жаңа кітабы – “Тау түбіндегі ауыл” оқырманға жол тартты. Шараға Қарағанды мен Жезқазғаннан зиялы қауым, ел ағалары және кітап кейіпкерлерінің ұрпақтары қатысты.

Кешке сондай-ақ кітаптың редакторы, “Орталық Қазақстан” газетінің бас редакторы, ақын, журналист Ерсін Мұсабеков арнайы қатысып, туындының мазмұны мен маңызы туралы пікірін бөлісті.

Автор кітаптың маңыздылығына тоқталып, кейіпкерлер туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Лента қию рәсімін:

ҚР Құрметті металлургі, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төлеген Бүкіров,
ҚР Құрметті журналисі, ақын-жазушы Мағзұмбек Машайықов атқарды.

Кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған:
меценат Бекзат Алтынбеков,
кәсіпкер, руханият жанашыры Марғұлан Молдашев.

Ұлытауда өткен бұл рухани шара – ауыл тарихын, тұлғаларды және елдік құндылықты дәріптеген маңызды мәдени оқиға болды.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.