Тасбұлақ алаңы пайдалануға берілді
Ұлытау ауданындағы Тасбұлақ алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып, демалыс аумағы ел игілігіне берілді. Бұл игі іске қолдау көрсеткен Kazakhmys компаниясына және абаттандыру жұмыстарын жүргізген мердігер мекемеге алғыс білдіреміз.
Енді бұл жер – келушілер үшін жайлы тынығу орны. Аумағы толығымен абаттандырылып, тротуарлар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Шағын сәулеттік нысандар, автотұрақ, қолмен жұмыс істейтін су сорғысы, қоқыс алаңы мен демалыс аймағы пайдалануға берілді.
Ұлытауға келген әр қонақ ұлттық рухты сезініп, табиғат аясында тынығып қайтатын тағы бір көрікті орынға ие болды.