ТАСБҰЛАҚ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Біздің ауылымыз көркейіп келеді. Ұлытаудағы Өркеш тауының баурайында орналасқан қасиетті Тасбұлақ – жыл он екі ай тоқтамай ағатын шипалы суымен танымал. Бұлақ басына келіп, суынан дәм татпайтын жан кемде-кем. Қасиетті мекенге облыс орталығынан арнайы келетіндер қатары да артып келеді.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың 90 пайызы орындалды.
Абаттандыру жұмыстары аясында:
652 м² аумақ толық қамтылды
52 түп арша, туя және сосна көшеттері отырғызылды
200 м² жерге газон төселді
Су ағарлар табиғи тастармен өрілді
Темір қоршаулар әр түрлі ұлттық оюмен өрнектеліп, сырланды
Қабырғалар Иран елінен жеткізілген мәрмәр тастармен қапталды
Бұлақ маңына ежелгі балбал тастар орнатылып, көне түркі таңбалары бейнеленуде
Тапсырыс беруші: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Мердігер: «ALEM STROY INC» Бегаев Алмат Марғұланұлы
Осы жұмыстардың атқарылуына мұрындық болған Аманжол Батырбекұлына ризашылығымды білдіремін.
Бұл игі жоба – ұрпаққа аманат етілетін ұлттық рух пен табиғи құндылықты сақтау жолындағы маңызды қадам.
Темірбек БАЙБОЛОВ,
ардагерлер кеңесінің мүшесі.