Тарихи сәт! Нариман Құрбанов — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық спортшы.

Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.