Талантты азамат – ел мақтанышы

Таяуда жалпы білім беретін №17 Байқоңыр мектебінде жерлесіміз, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғылыми қызметкері Берік РАХЫМБЕРЛИННІҢ «Баянды Байқоңыр» жəне «Маған қымбат» атты тырнақалды қос туындысының тұсаукесер рəсімі өтті.

Кітап лентасын Байқоңыр ауылдық округінің əкімі Шəріп Дастанұлы мен №17 ЖББМ-нің тарих пəні мұғалімі, əрі мектептің музей жетекшісі Мұханбетқали Əлирахманұлы қиды. «Атамекен-Байқоңыр» қоғамдық қорының төрағасы Қаратай Ақберен кітап авторына шығармашылық шабыт тілеп, жылы лебізін білдірді. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінен келген Беріктің əріптестері олар да құттықтауларын арнап Байқоңыр мектебінен ашылған музейге арнайы кəдесыйларын табыс етті.
Кеш барысында Берік Рахымберлин өзінің балалық шағы мен еңбек жолы туралы да кең тұрғыда əңгімелеп берді. Келесі кезекте мектеп оқушылары жерлесінің туындыларынан үзінділер оқыды. Ауыл əжелері қазақы дəстүрмен шашу шашты. Кітапхана қорына Берік Рахымберлиннің тарихи-танымдық кітаптары сыйға тартылды. Талантты азамат туған өлкесіне жырақта жүрсе де кіндік қаны тамған жеріне келіп, жерлестерімен қуанышын бөлісуі жас ұрпақ үшін тəрбиелік мəні зор басқосу болды. Осындай тағылымы мол, əсерлі кешті өзі білім алған мектебінде өткізген Берік Рахымберлинге ұстаздары мен ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді.

Медет БЕЙСЕНОВ,
Байқоңыр ауылының тұрғыны.