Светлана ГРИГОРОВИЧ : «Бұл – әсірелеусіз шындық»
– Осы жерде – Ұлытаудың бөктерінде дүниеге келіп, қалың қазақтың ортасында өскендіктен, қазақ тілі – менің екінші ана тілім іспетті. Осынау құнарлы тілді тұлымшағым желбіреген сәби кезімнен санама сіңірдім. Қазір күнделікті тұрмыста, қызмет бабында төңірегімдегілермен еркін сөйлесе беремін. Біршама жыл Ресейдің Якутия өлкесінде тұрып, жұмыс істедім. Сонда құлағыма сіңісті болған қазақ тілінде әңгіме-дүкен құруды кәдімгідей аңсаушы едім. Айтып-айтпай не керек, сол сағыныштың жетегінде туған жерге қайта оралдым ғой… Адам неғұрлым көп тілді білген сайын, соғұрлым таным-өресі кеңейе түседі. Бұл – еш әсірелеусіз айтылған шындық. Туған тіліңді білу – перзенттік парыз, ал өз Отаныңа айналған елдің тілін меңгеру – қастерлі міндет.
Светлана ГРИГОРОВИЧ,
республикалық «Тіл – татулық тірегі-2015» байқауының I-орын иегері.