Супермаркеттерде арзан ет сататын арнайы орындар пайда болады
25 қыркүйектен бастап еліміздің бірнеше супермаркетінде етті нарықтағы бағадан арзан сататын арнайы бұрыштар ашылады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, супермаркет желілері өздері осындай бастама көтеріп, әлеуметтік жауапкершілік танытқан.
Арнайы бұрышта сатылатын арзан өнімдер тікелей фермерлерден жеткізіледі. Тиісінше заң бойынша үстемеақы 15%-дан аспайды.