Су басқан өңірлерден 11 306 адам эвакуацияланды
Штаб отырысында әкімдер мен министрлер су тасқынына қарсы күрес шараларын баяндады:
➤ Уақытша орналастыру бекеттерінде қазір 5 456 адам бар.
➤ Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді және 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынды.
➤ Көлік қатынасы тоқтап қалған елдімекендермен байланыс орнатылып, әкімдіктер азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорларын дайындады.
➤ Жұмысқа 7 мыңнан астам адам, 2000 техника және әуе кемелері тартылды.