Степлаг — зұлмат жылдар жаңғырығы

Ұлытау облысында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты конференция өтті.

Конференция қатысушылары ел тарихындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың орны, зұлмат жылдардың ауыртпалығы туралы келелі әңгіме қозғады.

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали қазақ даласындағы саяси лагерьлер құрылымы мен ондағы тұтқындардың ауыр жағдайына тоқталса, Ұлытау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Қожамсейітов «Степлаг» лагерінің орнын бүгінгі күннің рухани игілігіне айналдыру қажеттігіне назар аудартты.
Тарихшылар А. Искаков, Қ. Әуезов пен Қ. Ораз саяси қуғын-сүргін жылдарынан сыр шертетін тарихи деректер мен аймағымызда осы зобалаңның құрбаны болған тұлғалар туралы құнды мәліметтермен бөлісті.

Облыстық архив басшысы Д.Орынбасарова архив қорындағы саяси қуғын-сүргін жылдарына қатысты деректер туралы айтып өтті.

М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тариху музейінің директоры Зейпін Қазанбаева жиналғандардың назарын Жезді кентіндегі қараусыз қалған қорымға аудартты.