Степлаг лагерінде сенбілік ұйымдастырды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ұлытау облысының белсенді жастары Степлаг лагерінде сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілік барысында облыс жастары Степлаг лагерінің 3-бөлімшесінің аумағын ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, құлаған белгілер мен қоршауларды жөндеді.

Тазалық жұмыстары нәтижесінде жастар жиналған қоқысты арнайы орынға топтастырды. Тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арнайы техника жұмылдырылды.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.