Спорт саңлақтары марапатталды

Бүгін облыс орталығында Спорт күні қарсаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында аймағымыздың атын Республика көлемінде, әлем деңгейінде насихаттап жүрген бірқатар мақтанышымыз бен ардагер спортшыларымыз облыс әкімінің арнайы сыйлығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгісімен, Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде Ұлытау облысында 327 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде, 6 стадион, 2 спорт сарайы, 10 спорт кешені, 1 спорттық манеж,  1 есу базасы, 73 хоккей корты, 3 теннис корты, 3 жүзу бассейні, 112 спорт зал және т.б.

Сонымен қатар жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында 7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызмет етеді. Мұнда 5 713 жасөспірім 32 спорт түрімен шұғылданады. 2023 жылдың 6 айында республикалық жарыстарда облыс спортшылары 17 алтын, 28 күміс және 25 қола ұтып алды. Ал, халықаралық Азия чемпионаттарында 7 алтын, 5 күміс және 3 қолаға қол жеткізді.

Спортшыларға арналған салтанатты жиын соңы концерттік іс-шарамен жалғасын тапты.