Сот жүйесін реформалау: Әділеттілік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету
Сот қорғау құқығын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдету, білікті сот кадрларымен қамтамасыз ету, қажетсіз бюрократиялық рәсімдерді жою және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу секілді шаралар қабылдауда.
Мақсат – сот өндірісі процедуралары әрбір азамат үшін түсінікті ашық, қолжетімді және әділ болатындай сот жүйесін құру. Цифрландыру арқылы электронды сот жүйелері енгізіліп, онлайн режимде талап-арыз беру, сот ісін қадағалау, сот процестеріне қашықтан қатысу мүмкіндігі берілуде. Бұл тек соттардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтарға уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, әділеттілікке қол жеткізу және құқықтық мәдениетті дамыту бағытындағы шаралар мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.
Арманай ДОСКЕНОВА,
мал дәрігері.