Соңғы қоңырау шарасы 25 мамырда өтеді – Ғани Бейсембаев
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады.
«Оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушылар келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған Соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін»,-деді министр.
Сонымен қатар биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенім білдірді.