Тұрғындар тілегі тыңдалды

Аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ кезекті іссапар аясында Алғабас жəне Егінді ауылдарына барып, халықпен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, мекеме, бөлім басшылары жəне ауыл тұрғындары қатысты.

 

Аманжол Батырбекұлы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті тиімді пайдаланып, кəсіпкерлікті дамыту, ауылдарды абаттандыру үшін нақты ұсыныстар беруді аталған округ əкімдеріне міндеттеді.

Жиында шалғай жатқан шағын ауылдардың мəселесі аудан басшысы назарынан тыс қалмайтыны айтылды. Кездесуде тұрғындар көптен қордаланған түйткілдерімен бөлісіп, біраз мəселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Əрі қарай тұрғындар тарапынан көтерілген мəселелер мерзімінде шешілу үшін жауапты басшыларға тапсырылды. Жиыннан кейін аудан басшысы ауылдағы əлеуметтік нысандарды аралап, жылу қазандықтарының жұмысымен танысып, бұл мəселені күнделікті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.