4 нысанның құрылысы тоқтады

2023 жылы облыс бойынша 10 фельдшерлікакушерлік пункттің құрылысы басталғаны мəлім. Оның ішінде 5 ФАП «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынса, біреуі жеке инвестор есебінен, 4 ФАП «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша басталған еді. Алайда осы 4 нысанның құрылысы қазір тоқтап тұр.

Бір өкініштісі, 4 ФАП біздің ауданда (Байқоңыр, Терісаққан, Мибұлақ, Қоскөл) басталып еді. Алайда, аталмыш нысандардың құрылысын жүргізген «Altyn LTD» ЖШС тарапынан құрылысқа сапасыз материалдарды қолданылғаны анықталды. Мердігер компаниялардың жауапсыздығы салдарынан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы тоқтап тұр. Осыған байланысты құрылыс монтаж жұмыстары уақытылы орындалмай, келісім-шарт бұзылды. Қазіргі таңда, мердігерді жосықсыз деп тану туралы сот жүргізілуде.
Ұлытау облысының əкімі Берік Əбдіғалиұлы қалған жұмыс көлемін аяқтау үшін конкурс жариялап, нысанды мамырдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Облыс басшысы сондайақ салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарының басты мақсаты – халыққа қызмет көрсету екенін жеткізді.
– Ол үшін бірінші кезекте дəрігер тапшылығы мəселесін шешуді тапсырамын. Бұл мақсатта тиісті қаржы да бөлінген. Құрылысы аяқталып, толық жабдықталған ғимаратты алдымен сапалы, жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету қажет, – деді облыс əкімі өз сөзінде.
Орайы келгенде айта кетейік, биыл Ұлытау облысында 27 медициналық нысан ашылады деп күтілуде. Оның 12-сі фельдшерлік-акушерлік пункт пен 12-сі медициналық пункттер. Сондай-ақ, Ұлытау ауданында аурухана мен емхана жəне Сəтбаев қаласында травматологиялық пункт, Жезқазғанда инсульт орталығы ашылады.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.