Шахтадағы апат: Жедел штабтардың жұмысы жалғасады

ТЖМ хабарлауынша, командалық орталықтағы, Ұлытау облысы ТЖД базасындағы және оқиға орнындағы жедел штабтардың жұмысы жалғастырылады.

«Кен орнында министрліктің командалық-штабтық машинасы орналастырылып, сол арқылы барлық жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру және жедел деректерді нақты уақыт режимінде командалық орталыққа жіберу жүзеге асырылады», делінген хабарламада.


Апат орнында барлығы 85 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр.  2 кинологиялық топ, Ұлытау, Қарағанды облысы ТЖД-лары, Апаттық медициналық орталық, «Серіктес» апаттық-құтқару қызметі» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясының шұғыл әрекет ету бригадасы және Полиция департаментінің күштері тартылған.