Сенат Төрағасы: Біріккен Парламент – әділетті Қазақстанның тірегі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді билік құрылымы жөніндегі сұранысына толық жауап береді. Бұл туралы Сенат Төрағасының «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, билікті орталықсыздандыруы және қоғамның саяси субъектілігінің артуы жағдайында өкілді билік тармағының тұрақтандыру функциясы жаңа сапаны талап етеді. Сенат пен Мәжілістің әлеуетін бірыңғай Парламентке біріктіру, шын мәнінде, ықпалды заң шығару органын құруға мүмкіндік береді және ол атқарушы билікке тепе-тең тиімді әрекет ету мен барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғауға жол ашады.
Мақалада Мемлекет басшысы ұсынған пропорционалдық негізде қалыптасатын бірпалаталы Парламент моделі саяси партиялардың дамуына, жаңа көшбасшылардың пайда болуына және көппартиялы бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.
