Сарысу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда

Ұлытау ауданы Сарысу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен салынуда. 

Құрылыс жұмысы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 2022 жылдың қараша айынан бастап жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда 25 адамға арналған медициналық мекеме ғимаратының құрылысы белгіленген мерзімге сәйкес сапалы жүргізілуде. Жұмыстарды «Грандстройсервис» ЖШС атқаруда. Сондай-ақ, нысан аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.