Салық саясаты – экономикалық өсудің негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауында салық саясатына айтарлықтай назар аударды. Ол салық жүйесінің әділдігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтіп, салық саясатының ұлттық экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуін талап етті. Тоқаев салықтық түсімдерді арттырудың басты жолы ретінде адал салық төлеушілер үшін салық жүктемесін азайтуды ұсынды, бірақ салық салудан жалтару мәселесін қатаң бақылауға алу керектігін де айтты.

Сонымен қатар, ол салық жүйесін цифрландыруды күшейту және күрделі салық рәсімдерін жеңілдету арқылы шағын және орта бизнесті қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Президент салықтық жеңілдіктер мен преференциялар тек шынайы экономикалық пайда әкелетін жобаларға бағытталуы тиіс деп есептейді. Қаржы нарығын одан әрі дамыту үшін табыс пен капиталды заңдастыруға байланысты жаңа реформаларды да қарастыруды ұсынды.

Осылайша, Тоқаев салық саясаты арқылы экономикадағы әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуді басты мақсат ретінде көрсетті.

Сания МАЖИТҚЫЗЫ,
библиограф.