Сайлау учаскелерінде ұзынсонар кезектер пайда болды

Ұлытау өңірінде референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары. Таң атпастан сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауларын жасауға асығуда.

Учаскелерде ұзынсонар кезектер пайда болды, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Азаматтардың достық пен бірлік атмосферасында дауыс беріп жатқанын көруге болады. Бұл бұқара үшін бүгінгі саяси науқанның маңызы зор екенін айғақтайды.