ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ізгілік пен бірліктің мейрамы – Құрбан айт баршаңызға құтты болсын! Бұл күн – жер бетіндегі мұсылман қауымның мейірімділігін еселеп, туыстық қарым-қатынасын арттырады.
Құрбан айт мерекесінің ұрпаққа берері мол. Ұлық мейрамда құрбан шалынып, құттықтаулар айтылып, адамзат баласының жомарттығы жоғары дәрежеде көрініс береді. Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мерекеде шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!
Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін! Айт мүбарак болсын!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.