Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін сіздерге білім беріп, тәрбиелегендері үшін, әрқайсыңызға жаныңыздың бөлшегін, өмірлік жылуларыңызды жұмсаған құрметті мұғалімдерге ризашылығымды білдіреміз. Олар үшін Сіздер кезекті түлектер емес, олардың болашақ туралы түсінігін бейнелейтін жансыздар.
2022-2023 жылғы оқу жылында ауданымыз бойынша 11 жалпы білім беретін мектептерден 78 түлектер мектеп бітірмек. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген оқушы саны — 77. Алтын белгіге үміткерлер саны — 4 оқушы. Осы жылдың 22 мамыр айынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру басталды. Қазіргі таңда жалпы аудан бойынша 58 оқушы тест тапсырды. Ол 75,3 пайызды құрайды. Бүгінгі күнге 100 балдан жоғары балл алған оқушылар саны — 12.
Барша жас түлектерді алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспіз. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.